«7-20-25» операторы алаяқтардың жаңа түрінен сақ болуға шақырды

«7-20-25» бағдарламасының операторы қазақстандықтарға жаңа алаяқтардан сақ болуға шақырды.

Себебі белгісіз біреулер "Қазақстанның орнықтылық қоры" атынан адамдарға жалған кепілдік хаттар мен анықтамалар ұсынып, ақша сұраған. Алайда ұйым ипотекалық бағдарламаның операторы болып, тек екінші деңгейлі банктер ғана жұмыс істейтінін еске салады.

Айбар Олжаев,"ҚОҚ" АҚ Сыртқы коммуникациялар қызметінің бас менеджері:

- Қазақстандық орнықтылық қоры. Сол себепті ешқандай құрылысқа, тұрғын үйге Қазақстан орнықтылық қордың еш қатысы жоқ. Егер біздің қордың атынан қандай да бір хаттар, анықтамалар ұсынып, сол арқылы ақша талап еткен жағдайда, бірден құқықтық органдарға хабарласуды сұраймыз. Себебі бұл алаяқтық әрекет.