Шетелдік көліктерді заңдастыру акциясы аяқталды

Шетелде тіркеуде тұрған автокөліктерді заңдастыру акциясы аясында батыс қазақстандық азаматтардан жыл басынан бері 21 мың 380 өтініш келіп түскен. 

Соның 17 мыңы мақұлданды. 4319  көлік құралын заңдастыруға рұқсат берілмеді. Басым бөлігі көрші елде тіркеуде тұрған немесе түрлі шектеулері бар. Енді  ол көліктерді елімізде 5 жылға уақытша тіркеуге қоюға болады. Ол үшін тұрғындар 10 шілдеден бастап полиция департаментіне өтініш беруі тиіс. 

Александр Плешаков, БҚО ПД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы:

- Көлік ұрланбаса, іздеуде жоқ болса, онда 5 жылға уақытша тіркейміз. Бастапқы тіркеу жарнасын, яғни 200 мың теңгені төлемейді, тек мемлекеттік баж алымы мен техпаспорт, номердің құны, бар болғаны 15 мың теңге төлейді. Сол 5 жылда көлік иесі барлық проблеманы шешуі тиіс.