Алдағы тәуліктерде аптап ыстық болады

Алдағы 3 тәулікте еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады.

Ауа райына байланысты азаматтық  қорғау органдары жоғары дайындық режиміне ауыстырылды. Қазгидромет мамандарының болжамынша, Орталық пен Батыс Қазақстанда сынап бағаны 43 градусқа дейін көтеріледі. Ал шығыс пен оңтүстік аймақтарда бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні күшейеді.