Қазгидромет: Осы аптаның соңында ыстықтың беті қайтады

Ия, аптап шаруаға да, жерге де оңай тимей тұр.

Қазгидрометтің хабарлауынша, осы аптаның соңында ыстықтың беті қайтады. Өйткені елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қатты жел тұрып, бұршақ түсуі ықтимал. Әсіресе, солтүстікте нөсер селдетеді. Оңтүстікте жауын аздау. Сынап бағаны күндіз 37 градусты көрсетеді. Ал бүгін-ертең Шығыс пен Арқа өңірінде кей аумақта күн 45 градусқа дейін ысиды. Өрт қаупі бар. Батыста 25 -35 градус ыстық.