Астанада төбесі жабық автотұрақтардағы көліктерге тексеріс жүргізілді

Астаналық автотұрақтарда газ баллоны орнатылған көліктердің бар-жоқтығы тексерілді.

Төтенше жағдай департаменті мен полицейлер бірлесіп өрт қауіпсіздігін өрескел бұзатын азаматтарды осылай анықтап жатыр. Темір тұлпарына газ қондырғысын орнатқан тұлғаларға әкімшілік айыппұл салынады. Оның мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 17 мың 250 теңгені құрайды. Айта кетейік, былтырғымен салыстырғанда биыл көліктердің өртенуі 40 процентке жиілеген. Биыл мұндай 140 дерек тіркелді.