Алдағы тәулікте елімізде күн райы құбылмалы болады
Алдағы тәулікте еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Әсіресе солтүстік, солтүстік-батыс және орталық аймақтарда күн райы құбылады. Шығыста сынап бағанасы 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал. Ал Түркістан облысында жаздың аптабы басылмай тұр, синоптиктер кей жерлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін екенін айтады. Батыста аспан шайдай ашық, сондай-ақ Алматы мен Астанада ауа температурасы 21 градусқа дейін көтеріледі.