Air Astana: Тель-Авивке жоспарланған рейс тоқтатылды

Air Astana әуе компаниясы Алматы - Тель-Авив бағытындағы ертеңге жоспарланған рейстің болмайтындығын хабарлады.

Израильде жағдайдың ушығуына байланысты жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі басты назарда, - дейді компания өкілдері. Олардың айтуынша, қазір Израиль астанасында қалып қойған қазақстандықтар мен компанияның қызметкерлерін елге аман-есен алып келу үшін шаралар қабылданып жатыр.