Кейбір өңірлерде қар түсуі мүмкін
Бүгін күн райы құбылмалы болады.
Қазгидромет мәліметінше, елдің бірқатар аймағында жаңбыр құяды. Тіпті кейбір өңірде қар жаууы мүмкін. Тек елдің оңтүстік-шығысы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша екпінді жел тұрып, тұман түседі. Ал Астанада түнге жақын ауа температурасы минус 1 градус көрсетуі ықтимал.