Ауа райы болжамы: жаңбыр соңы қарға ұласады
Елде біраз өңірде жел күшейіп, жаңбыр жауады.
Күн суытып, көктайғақ болады. «Қазгидрометтің» болжамына сүйенсек, 23 қазанда Павлодар, Петропавл және Астанада жауған жауынның аяғы қарға ұласады. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлердегі желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Ал оңтүстік облыстарда қалың тұман түсіп, селдетіп жаңбыр жауады.