Тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы хабарлау үшін 111 шұғыл желісі жұмыс істейді

Әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны бола тұра полицияға шағымданудан бас тартады.

Елдегі қыз-келіншектердің дені болған жайтты жасыруға тырысады дейді психолог Балия Кенжеболатова. Бірақ қазір 40-қа жуық дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Онда кез-келген уақытта әйелдерге заңдық және психологиялық тұрғыда кеңес беріледі. Сондай-ақ отбасылық сұрақтар бойынша 111 жедел желісіне жүгінуге болады.  

Балия Кенжеболатова, психолог:

- Әйелдер көбіне іштей тынады. Өйткені бұдан ештеңе өзгермейтінін біледі. Қайтадан отбасына, күйеуіне қайтып келетінін, жағдай тағы да қайталанатынын түсінеді. Сондықтан кез келген адам жауапкершілікті сезінуі тиіс. Зорлық-зомбылық үшін қатаң жаза болуы керек. Біз тек сонда ғана осы кеселден арыламыз.