Алматы облысында қар көшкіні жүруі ықтимал
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде боран, көктайғақ және тұман болуы мүмкін.
Қазгидромет мәліметінше, 15 облыста дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар өңірде желдің екпіні секундтына 20 метрге дейін жетеді. Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарда жауын-шашын салдарынан қар көшкіні жүруі ықтимал.