Оң жақ рульді көлік әкелуге уақытша тыйым салынды
Рулі оң жағында орналасқан жеңіл көліктер енді ел аумағына уақытша кіргізілмейді.
Құжат қаңтардың 16-сынан, яғни алдағы сейсенбіден бастап қолданысқа енеді. Біраздан бері талқыға түскен мәселеге байланысты құзырлы министрлік бұйрық шығарған. Шектеу мерзімі 6 ай. Дегенмен, қажеттілікке қарай ұзартылуы мүмкін.
Төреәділ Әбдірахманов, ҚР ӨҚМ өнеркәсіп комитетінің бас сарапшысы:
- Бұйрық жобасы барлық тиісті өкілетті органдармен келісілген. Және де тиісті болған жағдайда қайта созу мүмкіндігімен бұл жоба қабылданды. Негізгі бұйрық оң жақты автокөліктердің өзін жәнеде оған кузов пен шоссе дейдіғой сол бөлшектерді қоса алғанда кіргізуге тиым салынады. Бірреттік заңдастыру шеңберінде 240 мыңға жуық автокөлік заңдастырылған оның ішінде 22 мыңға жуығы конструкторлар. Яғни оң рульді автокөліктер - бұл Қазақстан аумағына кірген автокөліктер өзінің қауіпсіздігін қарастырмай басқа жол көлік қозғалысының басқа да адамдарға қауіп төндіруде.
Министрліктің дерегіне сүйенсек, бұйрық сауда қызметін реттеу туралы заңға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сай шығарылған. Елде 2007 жылдан бері оң рульді көліктерді тіркеуге тыйым бар. Бірақта оларды пайдалануға шектеу қойылмаған.