Оңтүстік аймақтарда жел күшейеді
Қазгидромет ел аумағында 18 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қармен бірге жаяу бұрқасын жүреді.
«Күндіз Түркістан облысының тауларында қалың қар жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс өңірлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі» деп жазды ведомство мамандары.