Вагон алуға зейнетақы қорындағы 184 млрд теңге жұмсалады
Зейнетақы қорындағы 184 млрд теңге вагон алуға жұмсалады.
Оған жолаушыларды тасымалдайтын 100 және жүк тасымалдайтын үш мың вагон алынады. Бұл туралы Мәжіліс қабырағасында Көлік министрі айтты. Марат Қарабаевтың мәліметінше, сатып алынатын вагондар Петропавлда жасалады. Сондай-ақ, жүк вагондарын Екібастұздағы компаниядан алу жоспарланған. Министр халық арасында қызу талқыланған мәселеге нүкте қойып, зейнетақы қаржысының қайтарылатынына мемлекет кепілдік беретінін айтты.
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
- Зейнетақы қорындағы қаржы, сол жаққа қаржысын салған кісілерге ол міндетті пайда әкелу керек. Бұл ретте бірінші мәселе халықтың сол жақтағы ақшасы елге, жұртқа пайда әкеледі. Өйткені бұл нарықтық пайызбен алынған ақша, яғни «Бәйтерекке» жеңілдетілген ақша берілген емес. Екіншіден, басқарушы холдинг мемлекеттің меншігінде. Сондықтан ол ақшаны қайта қорға айналып келіп түсуіне мемлекет толық кепілдік береді.