Шомылу маусымы ашылғалы Семейде бір адам суға кетті
Шомылу маусымы басталғалы Семейде 1 адам суға кетті.
Қазір күн ысып, тұрғындар Ертіс жағасын саялап жүр. Құтқарушылар қауіпті жерлерге белгі қойып, өзен бойында рейд жүргізуде. 14 қайық пен бір дрон жұмылдырылды. Семейде тек екі жағажайда шомылуға рұқсат берілген. Төтенше жағдайлар қызметі жағажайларда жаз бойы кезекшілік ұйымдастырады. Мамандар қайғылы жағдайдың көбі үлкендердің салғырттығынан болады, дейді. Сондықтан суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Азамат Орынбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Шомылуға тыйым салынған жерде шомылатын болса, онда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Биыл 12 адам жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы 155 мыңнан жоғары. Оның ішінде екі ересек адам рұқсат етілмеген жерде шомылғаны үшін жауапкершілік арқаласа, қалған 10-ы балаларын қараусыз қалдырған ата-аналарға салынды.