Ескерту: Бірқатар өңірде күн күркіреп, жаңбыр жауады
«Еліміздің бірқатар өңірінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Тіпті кей аймақта бұршақ жауу мүмкін», - деп хабарлайды «Қазгидромет».
Атап айтқанда, Астанада найзағай ойнап, нөсермен бірге бұршақ жауу ықтимал. Алматыда да түнде күн күркіреп, қатты жел тұрады. Сонымен бірге Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Абай, Ұлытау, Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарында күн райы жаңбырлы болмақ. Ал Қызылорда өңірінде аптап ыстық орнайды.