Қарбыздың зияны бар ма?
Жаз басталысымен қауын-қарбыздың пісуін күтеміз.
Ал ерте піскен қарбыздың құрамындағы нитраттар қаншалықты зиянды? Қоспасыз қарбызды қай уақытта жеуге болады?
Қарбыз тоқсан пайыз судан тұрады. Мәйегінде ақуыз бен май болмаса да, қуат беріп, шөл басады. Құрамында небір дәрумендер бар.
Айгүл Кашкенова, нутрицолог, health-коуч:
- Қарбыздың да пайдалы жағы бар ғой. Ол қанды тазартады. Көп жеп қойсақ, мысалы, мочевой пузырь тазарады. Бүйрек ауруларын тоже тазартуға болады. Мысалға бүйректе болатын конкрименты тастар болады. Оларды расшипляет.
Алайда кез келген тағам шамадан тыс тұтынғанда зиянын тигізуі мүмкін. Жұрт сүйсініп жейтін қарбыздың да зиянды тұсы бар.
Рузанна Сәрсенбаева, «Салауатты өмір салты» дәрігері:
- Осы қарбызда өте көп 100 грамм мөлшеріне алған кезде 10-15 грамм глюкоза бар. Бұл қант диабетімен ауыратын науқастарға өте болмайды. Ішінде өте көп қант болғандықтан және де су болғандықтан зәр шығару жүйесі ауыратын адамдарға зиянды. Ондай адамдар дегісі келіп жатса, күніне 1 штук – 2 штуктан артық тұтынбағаны абзал.
Сондай-ақ қазір қарбызбен диета ұстайтын адамдардың саны артқан. Дәрігер Рузанна Жанболатқызының айтуынша күні бойы тек қарбызды жеу ағзадағы калий мөлшерін арттырады. Калий деңгейі жоғарласа оны гиперкалемия деп атайды, ал оның көбеюі адам өміріне қауіп.
Рузанна Сәнсенбаева, «Салауатты өмір салты» дәрігері:
- Қарбызды диета ретінде көріп, қарбызбен ғана тамақтанып, сол арқылы күні кешке дейін таңертең түс уақытында тек қана қарбызбен тамақтананы адамдар бар. Салмақ түсіреміз деп. Соның кесіренен көлемін көп жеу арқылы осы калий мөлшерін көбейтіп, гиперкалемияның әсерінен ауруханаға түсіп жатқан адамдар бар. Сондықтан да қарбызбен диета сақтамаған дұрыс.
Қарбыз аллергия тудыруы да мүмкін. Оның гүлдері амброзиямен тозаңданады. Ал ол ең аллергенді арамшөптердің бірі. Сондықтан қарбыз аларда барынша сақ болған жөн.
Зарина Кәп, Диас Ковланбаев