Астанадағы қоғамдық көлікте жолақы қымбаттайды

Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды.

Яғни тариф құны 90 теңгеден 110 теңгеге көтеріледі. Бұл туралы қалалық әкімдік өкілдері хабарлады. Айта кету керек, елорда және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікпен тегін қатынайды. Сондай-ақ көп балалы аналар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар мен мүгедектігі бар жандарға жеңілдік сақталады.