Бүгін магниттік дауыл тұрады – «Қазгидромет». LIVE

30 шілде күні магниттік дауыл тұрады.

Ресейлік күн астрономиясы зертханасы ғалымдарының мәліметінше, магниттік дауыл G3 деңгейіне дейін жетеді. Небәрі осындай бес деңгейі барын ескерсек, бұл адам денсаулығына қауіпті саналады.

«Геомагниттік дауылдың ықпалы шілденің 31-іне қарай біртіндеп төмендейді», - дейді ғалымдар.

Айта кетейік, осы аптада Қазақстанда ауа райы да біршама ысиды. Енді алдағы күндерде сынап бағанасы қандай болмақ? Бұл жайында «Қазгидрометтің» жетекші инженер-синоптигі, біздің тұрақты спикеріміз Мақпал Ботаевамен тілдессек.

  1. Елдегі аптап ыстық қай өңірлерде байқалады? Бұған қай циклон әсер етуде? Ыстық ауа райы неше күнге жалғасады?
  2. Әдетте шілденің шіліңгірі айдың орта тұсында орнайтын. Бұл жолы айдың соңына таман ығысқан ба?
  3. Алдағы тамыз айының ауа райы қандай болмақ?