Шетелдік басылым: Барсакелмес – тылсымға толы жер
Төрт жылда туризмге тартылған инвестиция көлемі 3 есеге өскен.
Мәселен, былтыр салаға 430 млрд теңге сыртқы салым құйылды. Сондай-ақ Қазақстанға келген қонақтар да жыл санап көбеюде. 2023 жылы 9,2 млн турист елімізге саяхаттаған. Ал биылғы бірінші тоқсанның өзінде 200 мыңнан аса адам келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Бұдан бөлек отандық туризм шетелдік рейтингтерде көш басында.
Әлішер Тұрсын, Kazakh Tourism ҰҚ ресми өкілі:
- Британдық Wanderlust бойынша 24-орында. Яғни топ 24 тізіміне кірді. New York Times бойынша 52 елдің қатарына 25-орынға Алматы қаласына енді. Одан бөлек жақында ғана әлемдік мистикалық тылсымға толы әлемнің 7 кереметі дейтін басылымда ерекше мынау Арал теңізіндегі Барсакелмес аралы аталып өтілді.