Жұмбақтасқа шығуға тыйым салынуы мүмкін

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев журналистер сұрағынан кейін табиғи парктің басшылығына осындай ұсыныс айтатынын жеткізді.

Себебі туристер тарихи қазынаны сыйламайды. Керісінше, сурет салып, қорлау фактілері жиілеген. Ведомства басшысы жағдайды өзі де көріп жүргенін айтып, мұндай бастаманы қолдайтынын айтты.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Ақылға қонымды ұсыныс. Қазір Жұмбақтасқа баруға немесе оның айналасында жүзуге тыйым салынбаған. Бірақ тас мүсіндерді бояуға болмайды. Бұл тасқа шығуға тыйым салған дұрыс шығар. Мен Бурабай ұлттық паркіндегілермен сөйлесемін. Бұл парк Президент іс басқармасына қарайды. Сіз айтқан ұсынысты айтып көремін.