Елордада екі күнде жаңбырдың 1,5 айлық мөлшері жауды
Астанада екі күн қатарынан жауған жаңбыр мөлшері 1,5 айдың нормасынан асып түсті, деп хабарлайды 24kz.
Нөсер жауын арты ірі бұршаққа ұласқан сәт те болды. Толассыз жауын салдарынан бірқатар көшеде көлік қозғалысы қиындады. Қала әкімдігінің хабарлауынша, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 200-ден астам арнайы су сору техникасы жұмылдырылды.