Еліміздің солтүстігінде бұршақ түсуі мүмкін

Елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.

Шығыста және оңтүстік аймақтарда жауын жауып, найзағай ойнайды. Ал солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді. «Қазгидромет» желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді деп болжайды. Қатты жаңбырға байланысты таулы және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Ал Астанада күн ала бұлтты. Күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.