Синоптиктер: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктер: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Алдағы үш күн еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды 24kz.

Жел күшейеді. Синоптиктер осындай болжам жасап отыр. Ертең-бүрсігүні шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбырдың арты бұршаққа ұласуы мүмкін. Республиканың батысы мен солтүстігінің жекелеген аудандарында  түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Ауа температурасында айтарлықтай өзгеріс болмайды.