Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды 24kz.
Күн күркіреп, бұршақ жауады деп күтілуде. Әсіресе, 29 тамызда қатты нөсер болжанып отыр. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүкіл елде жел күшейеді, кей аймақта тұман болуы мүмкін. Ал батыста жауын-шашын болмайды. Оңтүстік аймақтарда ауа температуса төмендей бастайды.