Астана - Ерейментау - Шідерті бағытында көлік қозғалысы шектелді

"Астана-Ерейментау-Шідерті" бағытындағы тас жолында көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелді.

Күн райының қолайсыздығына байланысты Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін және Ақмола облысынан Шідерті кентіне дейін жол жабылды. Бұл туралы Қазавтожол мамандарды хабарлады. Жолаушылар қажетті ақпаратты алу үшін 1403 номері арқылы байланыс орталығына хабарласа алады.