Елімізде үш миллион бойдақ бар

Елде «салт басты, сабау қамшылар» көбейді. Былтыр 120 мың отбасы шаңырақ көтерген.

Мұны ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Дейтұрғанмен, сүр бойдақтардың көптігі көңілге алаң ұялатады. Арғыға көз жүгіртсең қазақ "он үште отау иесі" дейтін заман емес әрине. Бірақ қырықтың қырқасына шыққанша жар сүйіп, ұрпақ өрбітпей жүргендер баршылық. Елде 3 млн астам адам әлі күнге дейін өмірлік жұбын жолықтырмаған. Орда бұзар жасқа жеткен жігіттердің 40, бұрымдылардың 30 пайызы отбасын құрмаған. 

ерлер - 40%

әйелдер - 30%

2023 - 120 мың отбасы құрылды