Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Астанада 25 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23 м/с-ке дейін жетеді. 

25 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

25 қазанда Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Қарағандыда 25 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 15-20 м/с. 

25 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Қостанайда 25 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. 

25 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. 

25 қазанда Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. 

25 қазанда Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с. 

25 қазанда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

Атырауда 25 қазанда түнде және таңертең тұман түседі. 

25 қазанда түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 

Семейде 25 қазанда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. 

25 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Петропавлда 25 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. 

25 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. 

25 қазанда таңертең және күндіз Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Павлодарда 25 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. 

25 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. 

25 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы түнде 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Көкшетауда 25 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. 

24-25 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. 24-25 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с. 

Таразда 24-25 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.