Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет 3 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Атырау облысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болжанады Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында жел оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Семей қ.: 03 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетпек.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі.