Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

Алдағы демалыс күндері елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды 24kz.

Қазір Астанада желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Қарлы бораннан күн 4 градусқа дейін суытты. Ертең де осындай тұрақсыз күн райы болады. Алматы мен Шымкент шаһарларында күн ашық, 10-12 градус жылылықты көрсетеді. Батыс пен оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 29 метрге дейін жетеді. «Ал, Қостанай облысы мен елдің шығысында қалың қар жауады», - дейді синоптиктер. Оңтүстік аймақтарда күндіз күн 13 градусқа дейін жылиды. Таулы аудандарда +5 градусты көрсетеді.