8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 8 желтоқсан күні қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Жексенбі күні Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында кей уақытта қатты қар жауып, тұман мен көктайғақ болады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ал Алматы қаласында күндіз қатты қар, тұман және көктайғақ күтіледі. 

Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты қар жауады деп күтілуде. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Таразда кей уақытта тұман мен көктайғақ болжануда. 

Абай облысында синоптиктер қатты қар жауатынын хабарлады. Облыстың батысы, солтүстігі және орталығында бұрқасын мен секундына 15-20 метрге дейін жел тұрады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты қар күтіледі. Солтүстік бөлігінде бұрқасын мен екпінді жел болады. 

Жетісу облысында 8 желтоқсанға қараған түні таулы аймақтарда қатты қар жауады. Облыстың солтүстігі, шығысы, орталығы және таулы аудандарында тұман, көктайғақ және бұрқасын болжануда. 

Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман және көктайғақ күтіледі. Шымкент пен Түркістан қалаларында кей уақыттарда тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. 

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында тұман болжануда. 

Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Осындай ауа райы Атырау облысының тұрғындарын да күтіп тұр.