25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

2025 жылдың 24-26 қаңтар аралығында Бұтақ өзені – Бұтақ ауылы (Алматы қ.) гидрологиялық бекетінде мұздық құбылыстарға байланысты су деңгейінің күрт көтерілуі байқалып отыр.

Бұтақ өзені – Бұтақ ауылы ГБ су деңгейі 24.01.2025 ж. сағат 10.00-ге 280 см. Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін. Қауіпті су деңгейі - 287 см.

25 қаңтарда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 25-28 градус қатты аяз күтіледі. Талдықорған қ.: 25 қантарда түнде 26-28 градус қатты аяз күтіледі.

25 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

25 қаңтарда түнде Атырау облысының батысында тұман күтіледі.

25 қаңтарда түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 18-23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 градус қатты аяз. Алматы қ.: 25 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қ.: 25 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

25 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

24 қаңтар күндіз, 25 қаңтар тәулік бойы Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

25-27 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы 25, түнде 26 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 25-27 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

25 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 25 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі.

25 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.