Мүгедектігі бар азаматтардың бірыңғай дерекқорын құру ұсынылды
Елімізде мүгедектігі бар азаматтардың бірыңғай дерек қорын құру керек.
Бұл Төтенше жағдай кезінде оларды іздеуге және нақты көмек көрсетуге сеп болады. Сенат жанындағы инклюзия кеңесінің отырысына қатысқан сарапшылар осылай деді. Олардың айтуынша, мүгедектігі бар адамдардың төтенше жағдайда қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі әлі де кенжелеп тұр. Мәселен, жер сілкінген немесе су алған жағдайда жарымжан жандар ақпараттан мүлдем тыс қалады. Яғни, олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнуі мүмкін. Зерттеу мәліметіне сүйенсек, әкімдіктерде осы азаматтарды табудың тиісті картасы жоқ. Ал құтқарушылар мүгедек адамдарды эвакуациялау барысында олармен байланысқа шығу іс-қимылын білмейді, дейді. Сондықтан төтеншелік мамандарды арнайы оқыту қажет. Сондай-ақ, сарапшылар бұл мәселеге қатысты заңға тиісті өзгертулер енгізу керектігін жеткізді.
Ләззат Қалтаева, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы инклюзия кеңесінің төрағасы:
- Төтенше жағдай кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың көпшілігі өз еркімен әрекет ете алмайды. Сондықтан біз оларға көмек көрсетудің сан түрлі жолдарын алдын ала жоспарлап бекітуіміз қажет. Сондай-ақ біз сарапшылармен мәселенің мән-жайын толық талқылай отырып, ұсыныстарымызды мемлекеттік органдарға жібереміз.
Меруерт Құлахметова, "Кедергісіз KZ" ҚБ төрағасы:
- Мысалы, бізде мемлекет мүгедектігі бар адамды егер елестетсек тек қана коляскадағы адамды елестетеміз бірақ, негізінде ол тек ғана коляскада отырған жәй адам емес қой арбадағы. Ол алдында айтып кеткен, зағип жандар, құлағы естімейтін кісілер мысалы үлкен кісілердің өзі де қандай киын жағдайға тап болады. Көп негізінде көп адамдарды қалай ол адамдарға көмектесу керек, идендификация жасау керек. Мысалы, біздің қағаздарымызда мүгедектігі бар тұлға бар, тұлға деп жазылған. Бірақ, қандай тұрға? Арбадағы, құлағы еститін, естімейтін, көзі көрмейтін зағип жандар деп нақтылау керек. Ол адамдардың тұрғылықты жерін мекендеу. Бірінші ол адамдарға көмектесу үшін олар нақты білу керек қой ол адамдарға қандай көмек қажет ететінін. Сондықтан мемлекеттің тарапынан заңнамаларға да үлкен өзгерістер енгізу керек.