Зейнетақы есебінен көз емдеуге 15 мың өтінім түскен
Қазір «Отбасы банкте» офтальмология бағыты бойынша 15 808 өтінім бар. Оның ішінде 5 мыңнан астамы бойынша банк құжаттарды тексеріп жатыр. Ал 10,5 мың өтінім бойынша клиенттерден қосымша құжат сұралған. Олардың жалпы сомасы 13 млрд теңгеден асады.
Зейнетақы жинақтары есебінен ем алу
Тіс пен көз еміне төлем жасау тоқтатылғанына қарамастан, азаматтар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы артық қаражатты ауыр дерт кезінде басқа да қымбат ем түрлеріне пайдалана алады. Мәселен, биыл орфандық ауруларды емдеуге төрт өтінім, реконструктивтік және қалпына келтіру операцияларына - 752, радионуклидті және радиойодотерапия - 2 өтінім, радиохирургиялық емдеуге - 27 өтінім түскен.