Донорлық ағза науқастың өмірін ұзартады
Донорлық ағза кезегін күткен мыңдаған науқас үшін толыққанды өмір ырғағына оралуға мүмкіндік берер еді.
Алайда елде трансплантацияға мұқтаж жандар көп. Шамамен бес мың адам бүйрек алмастыру операциясын күтіп жүр. Науқастар аптасына үш рет гемо-диализден өтуге мәжбүр. Отандық транс-плантологияның дамуы алға басқанымен, мәйіт донорлығы қажетті деңгейде жолға қойылмай тұр, дейді дәргерлер. Операцияның басым бөлігі туыстық донорлықтың арқасында жасалып жатыр.
Сайыткәрім Әбдіғафаров, ҰҒОО хирург-трансплантологы:
- Трансплантация саласында негізгі басымдық мәйіт донорлығына берілуі керек. Себебі сау адамның өміріне қауіп төнбейтіндіктен, бұл бағыт аса маңызды. Мәйіт доноры арқылы бірнеше адамға көмек көрсетуге болады. Өкпе, жүрек, бауыр және екі бүйректі алып, бірнеше пациентке салуға мүмкіндік бар. Алайда елде мәйіттік донорлар аз болғандықтан, трансплантациялардың басым бөлігі тірі донорлардың көмегімен жасалып отыр.
Айжан, емделуші:
- Мұндай шешім науқас жандардың өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. Мысалы, мен өзім 30 жылдан бері осы диагнозбен өмір сүрдім. Донор табылып, өмірімде осындай өзгерістің болғанын бір ғажайып оқиға деп санаймын.