Тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілер тізімі жаңартылды

Тиісті өзгерістер Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 25 мамырдағы бұйрығымен енгізілді. 

Тегін медициналық көмектің кепілдік аясында қан айналымы, тыныс алу, ас қорыту, жүйке, эндокриндік, сүйек-бұлшықет жүйесі, сондай-ақ тері аурулары бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көзделген. Сонымен қатар тізімге қан ауруларын, психикалық және мінез-құлық бұзылыстарын, инфекциялық және паразиттік ауруларды, онкологиялық дерттерді емдеуге арналған препараттар енгізілген. Ал дәрілерді уақытылы жеткізу үшін ірі қалаларда жаңа логистикалық орталықтар ашу мен цифрландыру қарастырылған.

ЦИТАТА: Жандос Әділхан, ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры

Жеткізу процесі жоспарлы түрде жүзеге асырылады және барлық өңірлер бірдей қамтылады. Дегенмен, нақты жағдайда қиындықтар туындайтыны жасы­рын емес. Осы мәселені шешу үшін мемлекет бірқатар іс-шараларды қолға алды. Атап айтқанда, бірыңғай дистрибьютордың жеке қойма инфрақұрылымы құрылуда. Ірі қалаларда жаңа логистикалық орталықтар ашу жоспарланған. Сонымен қатар цифрландыру белсенді түрде енгізілуде. Қоймаларды басқару жүйесі іске қосылып, алдағы уақытта көлік логистикасын басқару жүйесі енгізілмек. Бұл жүйелер дәрілердің қозғалысын нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді. Яғни, пациент өзіне қажетті препараттың қай жерде екенін біле алады. 

Елде 600-ден астам дәрінің бағасы арзандады. Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру мақсатында 20 өңірдегі дәріханаларға ауқымды талдау жүргізді. Нәтижесінде препараттардың 49 пайызының бағасы өзгеріссіз қалса, 20 пайызының бағасы арзандаған.  Қазір нарықтағы 4 994 дәрілік заттың ең жоғарғы бағасы мемлекет тарапынан бекітілген. Министрлік дәрі бағасы негізсіз қымбаттаған жағдайда азаматтарды DariKZ мобильді қосымшасы арқылы шағым түсіруге шақырады. Ол үшін тауарлық чек пен дәрі қаптамасын суретке түсіріп жіберу қажет.