Жыл басынан бері 22 адамнан Конго-қырым геморрагиялы қызбасы анықталған

Елімізде жыл басынан бері 22 адамнан Конго-қырым геморрагиялық қызбасы анықталды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауру негізінен кенелерден жұғады. Әсіресе елдің оңтүстік облыстары мен Шымкент аумағында дерт жиі анықталады. Қазір бұл өңірлерде аурудың алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Мамандар жыл сайын кеселдің орта есеппен 25-30 шақты жағдайы тіркелетінін айтады. Денсаулық сақтау министрлігі Конго-қырым геморрагиялы қызбасына қарсы әзірге вакцина жоқ екенін еске салды. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтау және дер кезінде дәрігер көмегіне жүгіну арқылы сақтануға болады. 

Сархат Бейсенова, ҚР ДСМ Санитарлы-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы