Елордада омыртқасы қисық біткен балаларға операция жасалды
Елордада омыртқасы қисық біткен бірнеше балаға күрделі операция жасалды.
№2 көпсалалы балалар ауруханасында отандық және ресейлік дәрігерлер бірігіп, жас мамандарға тәжірибе жүзінде біліктілігін көрсетті. Бес күнде ақ халаттылар сал ауруы мен неврологиялық дерті бар балаларға 5 күрделі операция жасауды жоспарлап отыр. Әрі ондаған емделушіге тегін кеңес береді. Шетелдік мамандарды "Милосердие" ерікті қайырымдылық қоры арнайы шақырған. Сондықтан барлық операция мен кеңес тегін өтеді. Қор директоры Аружан Саинның айтуынша, күрделі операция жасау арқылы елдің әр өңірінен келген ортопед дәрігерлер кәсіби біліктілігін шыңдай түседі.
Аружан Саин, «Милосердие» қоғамдық қорының директоры:
- Бүгін жасалып жатқан операция өте күрделі. Церебралды сал ауруы, омыртқа қисықтығынан туындағын неврологиялық ауруы бар балаларға көмек көрсетіліп жатыр. Бұл балалар отыра да алмайтын. Сондықтан оларға көмек ауадай қажет. Отандық және ресейлік дәрігерлердің көмегімен біз мұнжай отаға алғаш қатысып отырмыз. Мұндай халықаралық ынтымақтастық еліміздегі балалар медицинасын дамытуға үлкен серпін береді.
Сергей Кузмин, анестезиолог-кардиолог дәрігер /Ресей/:
- Біз операция жасаумен қатар анестезиология, отадан кейінгі реанимациялық көмек және сколиозды емдеудің заманауи әдістерін көрсетіп жатырмыз. Жергілікті әріптестермен тәжірибе алмастық. Мұндағы балалар ауруханасының осындай күрделі операция жасайтын барлық жабдығы бар, мамандары да білікті екен.