Ұлытау облысында 34 мың адам тұмауға қарсы тегін екпе алады

Ұлытау облысында тұрғындардың 15 пайыздан астамы тұмауға қарсы тегін вакцина алады. Жергілікті бюджет есебінен 34 мың доза вакцина сатып алынды. 

Науқан басталған бір аптада 5 мың адам екпе алып үлгерді. Олар негізінен балалар, жүкті әйелдер және созылмалы ауруы бар науқастар. «Ақылы түрде аламын деушілерге де вакцина жеткілікті», - дейді жауаптылар. Қазан айында 140 адам жедел респираторлық-вирустық инфекция жұқтырған. «Ал тұмаумен ауырғандар әзірге тіркелген жоқ», - дейді мамандар.

Қадиша Баймырзаева, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- 1 қазан күні 9 мың доза жеткізілді, ал бүгінгі таңда тағы 15 мың доза алынды. Бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, 1 қыркүйекке дейін тәуекел топтары анықталып, белгіленді. Олардың қатарына балалар үйлері мен қарттар үйлерінің тұрғындары, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдар кіреді. Осы топтарды толық қамту эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыз: