БҚО-да науқастың асқазанынан 620 грамм шаш шықты

Батыс Қазақстанда операция кезінде 10 жасар науқастың асқазанынан 620 грамм шаш шықты. Оның алдында қыз баланың бірнеше тәулік бойы тәбеті жойылып, іші ауырған, құсқан, деп хабарлайды 24KZ.

Рентгендік тексеріс кезінде кеудесінде бөгде дене бар екені анықталыпты. Трихобезоар, яғни жұтылған шаш пен қылшықтардың асқазан-ішек жолында жиналып, түйнектеліп қалуы – сирек кездесетін құбылыс. 30 жылдық еңбек өтілі бар хирург Әліби Төлегенов өз тәжірибесінде мұндай жағдай екінші рет кездесіп тұрғанын айтады.

Әліби Төлегенов, Балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі:

– Шаш жеу немесе шашты жұту әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Мысалы, күйзеліс, қобалжу немесе мазасыздық әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ кейбір балаларда анемия кезінде осындай жағдай кездеседі. Дегенмен анемиясы бар балалардың барлығы бірдей шаш жемейді, бұл тек кейбір балаларда байқалады. Кейде баланың шашын аузына салуы әдетке айналып кетуі мүмкін. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы. Үйге шығуға дайындалып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: