АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Тәуелсіздік күніне орай Елбасыға құттықтау жеделхатын жолдады
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.
«АҚШ үкіметінің атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнінің 26 жылдығымен құттықтаймын. Бүгінгі таңда АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақ және өзара қарым-қатынас нығайып келеді. Екі тараптың да қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағыты бір. Экономика, энергетика, ғылым мен технология саласында серіктес болып жұмыс істейді. Достық қарым-қатынасымыз Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болған кезде тіптен жақындай түсті. Сондай-ақ біз қазақ жұртын ЕХРО 2017 көрмесін табысты өткізуімен де құттықтаймыз» делінген жеделхатта.