А. Ғиният балаларға вакцина салуға шақырды
Денсаулық сақтау министрі қызылшаға қарсы екпе алу қажеттігін айтып, ата-аналарға үндеу тастады.
Елде қазір бұл ауру өршіп тұр. Инфекция ауа арқылы тез таралады. Жалпы жыл басынан бері 13 мыңнан астам адам індет жұқтырған. Олардың дені 5 жасқа дейінгі балалар. Және олардың барлығы екпе алмағандар- дейді министр. Қызылшаға қарсы қосымша вакциналау науқаны келер жылдың қаңтар айына дейін жалғасады.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Көбіне ауырған адамдар – қандай да бір себептермен вакцина алмаған, иммунитеті жоқ адамдар. Қазіргі таңда бұл қызылша ауруының кең таралуы әсіресе, қыркүйек айынан басталды. Бұл аурудың қорқыныштылығы – кейбір адамдарға қатты асқынып әсер етеді. Әсіресе ми қабатының асқынуы, энцефалит ауруы, өкпе қабынуы, бұл пневмония, сонымен қатар отит сияқты адамның көз ауруына, тіпті көрмей қалуына әкелуі мүмкін.