Қазақстанда жарты миллионға жуық адам қант диабетіне шалдыққан
Елімізде 500 мыңға жуық адам қант диабетіне шалдыққан.
Науқастардың саны жылына 14 процентке өсіп отырады. Ғасыр дертіне айналған кеселге Үнді ғалымдары зерттеу жүргізіп, құрамында PM2.5 микробөлшектері көп ауамен тыныстау қандағы қант деңгейін көтереді және 2-типті қант диабетімен ауыру қаупін арттырады деген қорытындыға келіпті.
Қазақстанда қант диабетімен ауратын пациенттердің саны жыл сайын 14 процентке өсіп отырады. Соның ішінде 1-типтегі қант диабетімен кішкентай балалар ауырса, екінші типтегі қант диабеті ересек адамдарда көп кездеседі. Науқастар саны артқан сайын дәрігерлерге де сұраныс жоғары. Мәселені шешу үшін қант диабетін емдейтін мамандарды дайындауға ден қойылды. Биылдың өзінде мемлекеттік қаражатқа 55 эндокринологты оқытып жатыр. Дегенмен, оқу бітірген ақ халаттылардың көбі жекеменшік мекемелерде жұмыс істеуді таңдайды. Басты себеп жалақы айырмашылығы.
Жангентхан Аблаев, С. Асфендияров атындағы ҚҰМУ профессоры, дәрігер-эндокринолог:
- Проблема неден болып тұр? Проблема қазір резидентураға көбісі платно түседі. Ақылы түскеннен кейін олар өздері оқиды да өздері жұмыс іздеп, қалалы жерде қалып қояды. Өйткені олар өз ақшасына оқыды. Ал грантқа түскендер, сол грант иесіне барып жұмыс істейді. Жеке орталықтағы айлықтары олардың 500 мың, ал мемлекеттік неде 200-ақ мың.
«Қант диабеті жалғыз бізде емес, дамыған мемелкеттердің көбінде бар кесел. Мысалы, Қытайда 92 миллион, Индияда 45 миллион адам адам қант диабетімен ауырады. Ең аз науқас Жапонияда. Ал Қазқастанда жарты миллионға жуық адам осы диагнозбен есепте тұр» дейді дәрігер. Аурудың таралуына түрлі себеп бар. Оның ішінде семіздік, тұқым қуалау және экология.
Руслан Закиев, "Диабеттік ата-аналар комитеті" қоғамдық қорының директоры:
- Халықаралық диабет федерациясының дерегіне сай Қазақстандағы қант диабетіне шалдыққандар саны 800 мыңнан асады. Одан бөлек NOMAD зерттеулері де шын мәнінде сырқаттанғандардың саны, ресми статистикадан әлдеқайда көптігін көрсетті. Бірақ басты мәселе денсаулық сақтау жүйесінің жұмысында емес, проблема адамдардың қант диабетке немқұрайлы қарауында. Оған дәлел ауру бастапқы сатысында емес, асқынған кезде ғана анықталады. Қант диабетін ерте анықтау үшін скринингтік бамғдарламалар жұмыс істейді. Жауапты ведомство оған мүмкіндік беріп отыр. Бірақ біздің азаматтар тегін скринингкке баруға асықпайды.
Түрлі пікір тыңдай келе «Қант диабетін тоқтатуға бола ма?» деген сауал туындайды. Отандық ғалымдар жапондық әріптестерімен бірігіп осы сұраққа жауап іздеуде. Мамандар калориясы өте аз қанттың көмегімен екінші типтегі диабетімен күреспек. Зерттеуге жапон тарапынан 4 адам және қазақстандық 15 маман қатысады. Ғалымдар осы айда жобаны гарнттық қаржыландыруға ұсынудыжоспарлап отыр.
Жангентхан Аблаев, дәрігер-эндокринолог, профессор:
- Қазақстанның әрбір азаматы орташа 4,5 кг қант пайдаланады. Статистикада бар. 7,2 пайызға өсті пайдалану. Ол қант диабетіне келтірмей неге әкеледі. Вареньеге салады, неге салады күнделікті. ДДҰ қазір қантты пайдалану жолдарын азайтау туралы шешім қабылдап отыр. Сондықтан ғалымдардың іздеп жатқаны калориясы аз қанты табу. Сондай қантты қазір тапты. Ноль калорий. Егер кофеге бір қасығын салғанда тәттілігі кәдімгі қанттан 200 есе, ал бірақ калориясы жоқ.
Ғасыр дертіне айналған ауруға қатысты түрлі дерек көп. Бірақ диабет деген диагноз қойылған жандардың өзі кейде оның салдарын елеп, ескермеуі мүмкін. Сондықтан науқастарды қолдап, дұрыс бағыттау үшін емханаларда диабет мектептері жұмыс істейді. Онда инсулинді егіп, тамақтану тәртібін дұрыс қалыптасту жайлы дәрігер кеңесі беріледі. Ал дені сау азаматтарға ақхалаттылар скринингке қатысып, қандағы қант деңгейін қадағалап тұруды еске салады.
Ғазиза Мұхамеджанова, Ербол Дайыров