Астанада күніне 45 адам қызылша жұқтырады
Елордада қызылшаға қатысты жағдай әлі күрделі.
Күн сайын 45 адамнан жұқпалы ауру анықталып жатыр.
Науқастар арасында вакцина алмаған балалардың үлесі жоғары. Оның ішінде 326 бала жоспарлы екпе шарасынан бас тартқан.
Дәрігерлер 5% жағдайда бөбектерге ата-аналарының немқұрайлығы салдарынан вакцина салынбағанын жеткізді. Сонымен қатар, екпе алған-алмағаны белгісіз ересектер де бар.