Жезқазғанда бүйректің қатерлі ісігіне алғаш рет операция жасалды
Бүйректегі ісікті аз инвазивті әдіспен сылып алды.
Күрделі операция Ұлттық ғылыми онкология орталығының онкоурологы Талғат Құрмановтың жетекшілігімен жасалды. Бұл облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен ұлттық ғылыми орталық арасындағы әріптестік аясында жүзеге асты. Жезқазғандық дәрігерлер болашақта аталған орталықта тағылымдамадан өтіп, науқастарға өздері операция жасайды. Өңірде қатерлі ауруға шалдыққандар саны азаяр емес. Бұған дейін олар операция жасату үшін Қарағанды мен Астанаға баратын.
Талғат Құрманов, онкоуролог, хирург:
- Қазақстанда бұл ота 5 жылдай болды істеп жатқанына. Қазір енді ұлттық онкологияда істейді. Енді Жезқазғанда да, Құдай қаласа, істелінеді деп ойлаймын.
Гауһар Сағындықова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Бүгінгі операция бізде жаңалық. Профессор Құрманов келіп өзінің методикасын көрсетіп, бүгінгі заманауи медицинаның жетістіктерін көрсетті. Енді біздің мамандар да осындай операцияларды біліктіліктерін арттыру арқылы, осындай шеберлік сабақтарын өту арқылы ары қарай дамытады деген жоспарымыз бар.