Су тасқыны... бірақ судан келер қауіп жоқ
Апатты аймақтардан 4200 су сынамасы алынды. Көршілес елдегідей ішек дерті дендеп, түрлі індет өрбіп кете ме деген күдік бар.
Алайда мамандар ағайынға келетін қауіп анықталған жоқ дейді. Дей тұрғанмен, арқаны кеңге салуға тағы болмайды. Сондықтан жауаптылар санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.
Асұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
- Сәуірдің басынан бері 4200-ден астам су сынамалары алынып, зерттелді. Олар мынау микробиологиялық, санитария-химиялық көрсеткіштерге бағытталып, зерттелді. Енді бүгінгі таңда зерттеме көрсеткіші бойынша су арқылы мына біздің халыққа төндіретін инфекциялық аурулар немесе эпидемиологиялық ахуалды қиындататын ешқандай бір белгі жоқ.