Жайық өзеніне зертханалық тексерістер жүргізіліп жатыр
Тұрғындарды қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысының эпидемиологтары Жайық өзеніне зертханалық тексерістер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Мамандар сәуір айынан бері өзеннен вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық сынамалар алуды бастаған. Бүгінгі таңда су көрсеткіштерінің гигиеналық талаптарға сай келмейтіндігі анықталған жоқ. Сынамалардан тек лайлылық, түс пен дәмнен сәйкессіздіктер байқалды. Мамандардың сөзінше, бұл жағдайлардың денсаулыққа зияны жоқ. Қазіргі таңда судың сапасы тұрақты бақылауда.