Ақтөбеде «Бір күндік емхана» жобасы нәтиже беріп жатыр
Ақтөбеде «Бір күндік емхана» жобасы іске қосылғалы 500-ден астам жүкті әйел тексеруден өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Жоба сәуір айында басталған. Соның нәтижесінде қазір баланың денсаулығына қатысты ақпарат жедел анықталып жатыр. Яғни, жүкті әйелдер перинаталдық диагностиканың барлық түрінен өтіп, зерттеулердің нақты қорытындысын алады. Бұрын мұндай тексерулер бір аптаға дейін созылатын. Қазір бір күнде алуға болады. Ақтөбе – елде «Бір күндік емхана» жобасы енгізілген үшінші қала.
Жұмазия Мұратова, облыстық перинаталдық орталығының дәрігері:
- Ультрадыбыстық арқылы біз жүрек ақауларын, бас миының ақауларын, тағы да көп ақауды анықтаймыз. Ал биохимиялық анализ ол деген хромосомалық патологиясы бар ма, дауна деген аурулар бар, сондайларды анықтау үшін көмек көрсетеді. Ол – іштегі ұрықтың зерттеуін жүргізетін көмек.