Елде дәрі өндірісі күшейтіледі
Roche, Pfizer сынды алпауыт компаниялар Қазақстанда өндіріс орындарын ашуы мүмкін.
Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Былтыр елдегі фармацевтика нарығы 1 трлн теңгеге жуықтаған. Соның небәрі 144 млрд теңгесі ғана отандық өндірістің үлесінде. Осыған байланысты елде жасалатын дәрі-дәрмекті көбейту қолға алынбақ. Бірінші кезекте ұзақмерзімді шарт жасасу арқылы өндірушілерді қолдау күшейтіледі. Министрлік 29 жаңа өндіріс орнын құруды пысықтап жатыр. Roche, Pfizer сияқты компаниялармен шартқа қол қойылды. Ал AstraZeneca инвестициялық жобасы әлі қаралып жатыр. Сондай-ақ Philips және GE HealthCare компанияларының да осындай ниеті бар.