Ауыл медицинасын дамытуға 40 млрд теңге бөлінеді

Үкімет ауыл медицинасын дамытуға шамамен 40 млрд теңге бөледі.

Премьер-министр арнайы қаулыға қол қойды. Қаржы емхана салуға және ескі ғимараттарды жаңғыртуға жұмсалады. Ұлттық жоба шеңберінде 600-ден аса медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарын салу көзделген. Бұл іске мемлекет басшысының жолдауда жүктеген тапсырмалары арқау болып отыр. Одан бөлек, қаражаттың бір бөлігі Арқалық перзентханасындағы күрделі жөндеуді аяқтауға, Степногорск, Атбасар, Балқаш, Шиелі аудандарындағы ауруханаларға бағытталады.